Астана қаласындағы жекеменшік мектеп

Астана қаласы,

Айша Бибі көшесі, 35

08:00 - 17:00

Дүйсенбі - жұма

Айша Бибі к-сі, 35

Астана, 010000

08:00 - 17:00

Дүйсенбі - жұма

«Ақжол-РА» мектебі туралы

Педагогикалық құрам

«Ақжол-РА» мектебінің мұғалімдері балаларды мектепке дайындауда орасан зор тәжірибе жинақтаған және қазіргі заманғы мектепте балалар кездесетін барлық қиындықтар мен проблемаларды жақсы біледі. Себебі 7 жастан 10 жасқа дейінгі кезең ең қиын да маңызды. Ол балаларға көптеген мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге олардан балабақшадағыдан мүлде басқа дағдылар мен қасиеттерді талап етеді. Дәл бастауыш мектепте академиялық негіз қаланады, болашақта баланың оқу үлгеріміне әсер ететін және оның интеллектуалдық дамуының векторын қалыптастыратын оқу дағдылары қалыптасады. Бастауыш сыныпта өзін қаншалықты сенімді және жайлы сезінетіндігі оның танымдық белсенділігі мен орта мектепте оқуға деген қызығушылығын күшейтеді.

Негізгі көзқарастар

Біз барлық бала дарынды екеніне сенеміз. Және де біз бастауыш сыныпта физиктер мен лириктер болмайтынын, әр бала базалық білімді меңгеруге қауқарлы екенін де білеміз. Мектебіміздің басты мақсаты – гуманитарлық және нақты ғылымдар бойынша байыпты академиялық дайындықты қамтамасыз ету, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және ата-аналарға өз-өзіне сенімді, әлеуметтік белсенді, тұлғалық дамуға ұмтылатын позитивті тұлға тәрбиелеуге көмектесу.

«Ақжол-РА» мектебінде оқу әр баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы, барлық дарыны мен талантын дамыту, әр оқушыға бейімделуге жағдай жасау. Мектебімізде алған білім балаларға мамандығына қарамастан отандық және шетелдік үздік мектептерде оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісі

Бастауыш сыныптағы оқу үрдісі мемлекеттік білім берудің барлық маңызды аспектілерін қамтиды:

  • оқыту (іргелі білім, практикалық дағдылар);
  • тәрбие беру (жеке тұлғаны әлеуметтік-мәдени нормативтік үлгілерге сәйкес әлеуметтік-мәдени өмірге қатысуға дайындау);
  • дамыту (іргелі интеллектуалдық қабілеттер мен тілдік дағдылар);
  • өмірді қамтамасыз ету (қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі принциптері);
  • ағартушылық (іргелі моральдық, этикалық және адамгершілік қасиеттер).

Бастауыш мектепте бірінші сыныптан бастап базалық пәндер бойынша оқыту (математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі) мемлекеттік бағдарламалармен салыстырғанда сағаттар көлемін көбейте отырып, кеңейтілген форматта жүргізіледі.

Ағылшын тілін балалар 1 сыныптан бастап оқиды (аптасына 5 рет)

Балаларды қосымша дамыту

Оқыту дағдылары келесі бағдарламалармен қалыптастырылады:

  • информатика;
  • логика;
  • зерттеу қызметінің негізі;
  • қызықты математика.

Балаларды қосымша дамыту үшін келесі үйірмелер жүргізіледі:

  • шахматы;
  • хореография;
  • фортепианода ойнауды үйрену;
  • вокал;
  • ағылшын тілі;
  • қытай тілі;
  • каратэ;
  • робототехника.
Соңғы жазбалар
Барлығы